Ресейде коронавирус жұқтырғандар 4 есе көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирус жұқтырғандар 4 есе көбейді

24.02.2023

Ресейде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Бір күнде 15 мыңға жуық адамда инфекция анықталған.

Индира Бегайдар, тілші:

Мектептерде сабақ қайтадан қашықтан оқыту режиміне ауыстырылып, кей компаниялар да онлайн жұмыс істеп жатыр. Жалпы Ресейдің 34 өңірінде ауру күшейе түсті. Мамандар мутацияланған вирустар өкпенің қабынуына алып келетінін, сонымен қатар жұқтыру көрсеткіші өзге штамдарға қарағанда 60 пайызға жоғары екенін айтады.

Ксения Вешкурцева, қала тұрғыны:

Шынымды айтсам, індеттен шаршадым. Маска тағып, сақтық шараларын қайтадан қолға алдым. Вакцина салып, біраз ауырмап едім, енді уайымдап жүрмін. Айналамдағы адамдардың бәрі ауырып жатыр.

Айта кетейік, коронавирустың «кракен», «цербер» деп аталатын штамдары да Ресейге жетті. Ал бұл штамдарға қарсы вакцина әзірге шығарылмады. Инфекция дес бермесе, карантиндік шаралар қайтадан күшейтілуі мүмкін.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу