Қонаев қаласында сайлау учаскелерінің әзірлігі пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласында сайлау учаскелерінің әзірлігі пысықталды

24.02.2023

Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қонаев қаласында арнайы семинар-кеңес өтті. Комиссия өкілдері жергілікті сайлау учаскелерінің өкілдеріне маңызды науқан туралы заң нормалары мен жұмыс ережелерін түсіндірді. 25 ақпанға дейін барлық сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы дайын болуы керектігін айтты. Өйткені олар өз жұмысын бастайды. Жалпы Алматы облысы бойынша Мәжіліс депутаттағына 25, облыстық мәслихатқа 523 азамат кандидат ретінде тіркелген.

Мейрамгүл Айтова, Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Осы жолы өтетін сайлауда сайлаушылар бес бюллетень алады. Оның екеуі Мәжіліс депутатын сайлау бойынша, екеуі облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша және бір бюллетень аудандық қалалық депутаттарын сайлау бойынша болады. Осы бес бюллетеньмен сайлау комиссиялары дұрыс жұмыс жүргізу керек.


Хабарламаларға жазылу