Сауалнама жүргізу үшін тіркеуден өту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауалнама жүргізу үшін тіркеуден өту керек

24.02.2023

Сайлау науқанында кез келген ұйым сауалнама жүргізе алмайды. Бұл туралы «Адал» сайлау республикалық штабының мүшесі Жанар Мұқанова мәлімдеді. Яғни, белгілі бір ұйым сауалнама өткізер алдында орталық сайлау комиссиясына өтініш беріп, тіркелуі керек.

Арнайы талаптарға сай болса ғана рұқсат беріледі. Ұйымның сайлау немесе одан тыс бағытта сауалнама жүргізудегі 5 жыл тәжірибесі болуы міндетті. Сондай-ақ сайлау басталғанша 5 күнге дейін сауалнама қорытындысын жариялауға болмайды. Осы және өзге де шарттар брифинг барысында баяндалды.

Жанар Мұқанова, «Адал Сайлау» Республикалық штабының мүшесі:

Негізгі штабтың мақсаты -ол түсіндірме жұмыстарын өткізу. Сайлау адал, таза жүргізу үшін негізгі мақсаты штабтың құрылғаны.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу