Қазақстанда жиһаз жасайтын компаниялар жабыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жиһаз жасайтын компаниялар жабыла бастады

26.02.2023

Қазақстанда жиһаз жасайтын компаниялар жабыла бастады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, олардың саны 8 пайызға қысқарған. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 89 пайызға дейін түсіп кеткен. Пандемиядан кейін әлсіреп қалған салаға инфляция да кері әсер еткен. Былтыр жиһаз бағасы 1,5-2 есеге өсіпті. Өйткені шикізат қымбаттаған. Жиһаз жасайтын қазақстандық компаниялардың дағдарысқа ұшырауына басты себеп те - импортқа тәуелділік. Жоңқалы ағаш тақтай түгелдей шет елдерден жеткізіледі. Қазақстандағы 8 зауытта сол дайын шикізаттың сыртына ламинат қана жабыстырылады.

Базардағы жиһаздың да басым бөлігі - импорттық. Сырттан әкелінетін тауарлардың 86 пайызы Ресейден. Еуразиялық экономикалық одақтың тәртібіне сай олар Қазақстанға шектеусіз кіргізіледі. 2 және 3-орында Беларусь пен Қытай тұр. Осылайша, отандыққ кәсіпкерлер шетелден келетін арзан өнімге қарсы тұра алмаймыз, - деп отыр. Ал мамандар кейбір мемлекеттік шектеулер де саланың дамуына тұсау болып тұрғанын айтады. 


Хабарламаларға жазылу