Алайда ұрпағы атадан қалған асыл мұраны сақтап қалғысы келеді. Қазақтан қызғанбайды, атадан қалған мұра басқаның меншігіне кетеді деп қорқады.
«Құжатсыз бір нәрсені растау әрине қиын», - дейді мұндай даулы мәселелердің қыр-сырын әбден меңгерген заңгер Талғат Қапаров. Алайда шындыққа көз жеткізудің жолдары қашанда табылады.
Сондықтан сот процесіне тұлғаның композиторға туыстық қатынасының бар екеніндігін дәлелдеу үшін ет жақындары мен куәгерлер тартылуы әбден мүмкін. Әрине, осы жолда ақын әулетіне біраз тер төгуге тура келеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ