Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ құлаған апат орнына зауыт өкілдері барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ құлаған апат орнына зауыт өкілдері барды

28.02.2023

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ құлаған апат орнына зауыт өкілдері барды. «МИ-8» әуе көлігін шығарған ресейлік кәсіпорын қызметкерлері де тергеуге қатысады. Қазір оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр. Аумақ қоршалып, тікұшақтың қираған бөлшектерін сақтайтын қоймалар іздестірілуде. Оқиғаның мән-жайын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті мен Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері тергеп жатыр. Ал аман қалған екі адамның жағдайы қалыпты. Ауруханада ем алып жатыр. Екі-үш күнде үйлеріне жіберіледі.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу