Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы, БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған топтың жолын кесті. Оларға Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылуда. Аталған топ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған.
Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ Иммидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы:
Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.
Серік Селеубай