Грекияның солтүстігінде екі пойыздың соқтығысуынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. 66 жолаушы жараланған. 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Осы оқиғаға байланысты елде үш күндік аза тұту жарияланды. Апат Лариса қаласы маңында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 350 адам мінген теміржол көлігі жүк таситын пойызды қаққан. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан пойыздардың не себепті бір жолда қозғалғаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.
Арай Төлегенқызы