Әскерилердің несиесі кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилердің несиесі кейінге шегерілді

01.03.2023

Әскерге шақыртылған 3 жарым мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге шегерілді. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің хабарлауынша, бүгінде 5 мыңға жуық шағын несие мен басқа да қарыздардың төлемі уақытша тоқтатылған. Олар азаматтық борышын өтеп келгеннен кейінгі айдан бастап несиесін өтей бастайды. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу