Сайлау жастардың саясатқа көптеп келуіне жол ашады – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау жастардың саясатқа көптеп келуіне жол ашады – сарапшы

02.03.2023

Алдағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы мемлекеттік институттардың жетілуіне, Парламенттің тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл саяси науқан жастардың билікке араласуын арттыра түсуге де сеп болады. Әрі қоғамдық өмірге әйелдердің белсене араласуына мүмкіндік бермек.

Нұркен Айтымбетов, философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығы директорының орынбасары:

2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінде 107 орын болса, оның 29-ы әйелдер болды. Бұл дегеніміз 27 пайызды көрсетеді. Ал мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі 9 пайызды құрап отыр. Әйелдердің сайлауға белсене қатысуы бір жағынан мемлекеттің гендерлік саясатты қолдап отырғанын көрсетеді.

Еңлік Қасабекова, Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының маманы:

Сайлаушылардың тек партия құрамынан емес, жеке дара өздерін ұсынуы туралы өзгерістер көңілге үлкен үміт сыйлайды. ЖОО-дағы мәселесіне көңіл бөлсе екен деген үлкен үмітіміз бар. Білім саласында оң өзгерістер күтеміз. 



Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу