Украинаның Запорожье қаласына зымыранмен шабуыл жасалып, төрт адам қаза тапты. "Би-Би-Си"-дің хабарлауынша, снаряд бес қабатты тұрғын үйді жермен-жексен еткен. 8 тұрғын ауруханаға түсті. Тағы бес адам жоғалып кеткен. Бірнеше ондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шабуыл С-300 зениттік-зымырандық кешенімен жасалған. Ресей бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Әйтсе де, ресми Мәскеу бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын бұған дейін үнемі жоққа шығарып келген еді.
Арай Төлегенқызы