Журналистерге шабуыл жасаған күдіктінің сыбайластары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистерге шабуыл жасаған күдіктінің сыбайластары белгілі болды

02.03.2023

Журналистерге арандатушылық шабуыл ұйымдастырған ресейлік хакер Токаревтің сыбайластары белгілі болды. Құқық қорғау органдары оған 4 шетелдіктің белсенді көмектескенін анықтап отыр. Токарев тергеу ісіне көмектесіп, сыбайластарын өзі айтып берген. Оларға халықаралық іздеу жариялау мәселесін Бас Прокуратура қарап жатыр.Айта кетейік, шетел азаматтарынан құралған қылмыстық топ БАҚ өкілдеріне қоқан-лоққы көрсетіп, 30-дан аса арандатушылық шабуыл жасаған.

Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ департамент бастығы:

Оған басқа шет ел азаматтары Литвиновтің, Шаповаловтың, Демченконың, Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды. Токоревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде ал топтың басқа қатысушылары рекрутерлер рөлін атқарып, арандатуларды іске асыруды әзірлеген.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу