Ұлттық арна эфирінен өткен партиялар пікірсайысы әлі де ел арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Себебі, онда қоғамдағы өзекті мәселелер көтерілді.
Тағы да еске сала кетейік, Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар арасындағы пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысты. Төрт кезеңнен тұрған сөз жарысында кандидаттар ұсыныс айтып, қызу дискуссия өтті.
Мақсат Жақау, cаясаттанушы:
Пікірсайыс форматы негізі соңғы үш жылда жақсы қолға алына бастады. Жастардан бастап, студенттік деңгейде де өзекті. Ал енді саяси деңгейдегі пікірсайысқа көтерілді деген сөз ертеңгі күнде жаңа Парламентте осындай пікірсайыс мәдениеті қалыптасады дегенді білдіреді.