Екі тәулік бойы толассыз соққан бораннан Абай облысында 70 көлік жолда қалды. Оқиға «Семей-Өскемен» тас жолында болған. Полиция басқармасы оларға көмекке партульдік полиция экипажы аттанғанын мәлімдеді. Арнайы техниканың көмегімен жолаушыларды Семей қаласына жеткізу жоспарланған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысында 70 көлік жолда қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/172465/)