Банкроттыққа өтініш берушілер таңнан бері, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын торып жүр. Көпшілігі кеңес алу үшін келгендерін айтты. Несие қарызынан тездетіп құтылғысы келгендерге мекеме мамандары жан-жақты көмек ұсынуда. Айта кетейік бүгіннен бастап арнайы Заң күшіне енді. Банкроттыққа өтініш беруді Халыққа қызмет көрсету орталығынан бөлек, eGov.kz электронды үкіметі, «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы онлайн тапсыруға болады. Дегенмен ортақ бірқатар талаптарды ескеру қажет.
Ержан Бектібаев, аудандық Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары:
Жеке тұлғаның қарызы 5 жарым млн-нан аспауы керек. Оның қарызы соңғы 12 ай ішінде төленбеуі тиіс. Оның атында мүлік болмауы керек. Және екінші деңгейлі банктер тарапынан қарызды реттеу туралы анықтамасы болуы керек.