Канада Қазақстанмен өзара байланысты арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада Қазақстанмен өзара байланысты арттырмақ

03.03.2023

Қазақстан мен Канада байланысын тереңдете түсу керек. Себебі, екі жақтың сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр. Бұл мәселе Канада Парламентінде көтерілді. Сенаторлар Канада билігін Қазақстанмен өзара тиімді екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды. Жалғас Сәдібекұлы тарқатады.

Канада Сенатының жалпы отырыс залы. Негізгі тақырып Қазақстанмен арадағы қарым қатынасты дамыту. Депутаттар елші Ақылбек Камалденов бастаған дипломаттарымызды құрметпен қарсы алды. Мұның өзі солтүстік америкалық мемлекеттің өзара байланысқа ерекше мән бертінін көрсетсе керек. Канада парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Виктор Оу былтырғы қарашадағы Қазақстанға жасаған сапары жайлы есеп беріп, Президенттік сайлауға тоқталды. Сенатор елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға оң бағасын берді.

Виктор Оу, Канада Парламенті Сенатының депутаты:

Канадалық ретінде мен осы жас мемлекетте ішкі демократиялық процестерінің қалай өзгеріп жатқанын көріп риза болдым. Сайлаушыларға қарап, елдің жарқын болашаққа деген ұмтылысын байқадым. Бұл сапар маған осы Орталық Азия елінің сұлулығы мен бай мәдениетін ашты. Мәдени және этникалық әр алуандылығын, жаңғырту процестерін дамытумен қатар өзінің бай көшпелі тарихын құрметтеуді және дәріптеуді жалғастыруда.

Қазақстан Канаданың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Сенатор жан-Ги Дажэнэнің айтуынша, екі жақ мұнай газ және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты арттырып жатыр. Бірақ, әлі де болса өзара байланысқа серпін берерлік әлеумет мол дейді.

Жан-Ги Дажэнэ,  Канада Парламенті сенатының депутаты:

Қазақстан уранның негізгі жаһандық жеткізушісіне айналды. Мұндағы уран кенішін Инкай компаниясы басқарады. Оның 40% -ы канадалық Cameco тірі тау-кен компаниясына тиесілі. Әлемдегі уранның 18 пайызын осы компания өндіреді. Бұл орайда, дүние жүзінде болып жатқан энергетикалық трансформацияда уранның маңызы ерекше.
Қазақстан Канада мен канадалық ірі компаниялар үшін басым әріптес болуы тиіс деген сенаторлар өз үкіметін атом энергетикасымен қатар мұнай мен газды терең өңдеу, авиақұрылысы, көлік және логистика секілді жаңа салаларда бізің елімізбен белсенді іскерлік байланыс орнатуға шақырды.

Жалғас Сәдібек

Хабарламаларға жазылу