Сырдарияда сең жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдарияда сең жүріп жатыр

03.03.2023

Сырдарияда сең жүріп жатыр. Өзен деңгейі едәуір көтеріліп, 30-ға тарта елдімекенге су басу қаупі туды. Сірескен мұз Қызылорданың іргесіндегі Талсуат ауылының тұсына жеткен. Тасқын су үй-жайларды шайып кетуі мүмкін.

Талсуат ауылының тұрғындары таң сәріден үреймен жүр. Екі мыңға жуық халқы бар елдімекеннің маңындағы Сырдария өзені тасып, бір сағаттың ішінде ауылдың ішіндегі канал суға толған. Салдарынан бір үйдің ауласын су басты. Құтқарушылар су кетуі мүмкін жерді бекіткенімен, тұрғындар қауіптеніп отыр.

Нұржан Жүнісов, ауыл тұрғыны:

Қазір мен уайымдаймын мысалы үйіме келеді да анау жерде 600 метрдегі жабылған жерге келсе әрі қарай үйімізді су алады біздің. Мына жақты жапса алмайтын шығар енді.

Қазіргі таңда өзеннан тасыған су шабындық жерлерге жайылып, ауылға жақындай түсті. Мамандар жан-жағындағы бөгеттің қауіпті тұстарын әлі де нығайтып жатыр. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ. Сырдария бойындағы үй-жайларға тасқыннан қатер төнген жағдайда тұрғындар 69 эвакуциялық қабылдау пунктіне көшіріледі. Құтқарушылар сақадай сай.

Нұрсұлтан Ибрагимов, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Қазіргі таңда Талсуат сонымен қатар Ягодка саяжайы, мына Домастроительдің бойында кезекшіліктің барлығы ұйымдастырылған. Енді біз қауіп жоқ деп айта алмаймыз. Өйткені бұл табиғаттың заңдылығы. Қауіпті аймақтардың барлығына түсіндірме үнпарақтары таратылды.

Жалпы облыс бойынша осындай 29 елдімекенді су басуы мүмкін. Төменде орналасқан солтүстік аудандарда мұз қалың. Сондықтан сеңнен келетін қауіп әлі сейілген жоқ. Мамандар өзен бойын күнделікті тікұшақпен барлап, жағдайды бақылап отыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу