Австралияда жүздеген адам көшеде шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда жүздеген адам көшеде шерулетті

03.03.2023

Австралияда нөсер жауынға қарамастан жүздеген адам көшеде осылай шерулетті. Олардың басты талабы - климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдау. Наразылық акциясына қатысқандардың дені - оқушылар. Олар бүгін мектепке бармаған. Шеруде кәсіподақ қызметкерлері мен түрлі салада еңбек ететін тұрғындар да бар. Сидней көшелеріне шыққан демонстранттар биліктен бұдан былай көмір, мұнай және газ жобаларын мақұлдамауды талап етті.

Индонезия астанасы Джакартада да осыған ұқсас акция өтті. Шараға жастар мен табиғат жанашырлары қатысқан. Олар билікті теңіз деңгейінің көтерілуі мен ауа-райының шектен тыс құбылуына қарсы шаралар қабылдауға үндеді. Индонезия парниктік газдарды ауаға көптеп бөлетін елдердің қатарында тұр. Мемлекет 2030 жылға қарай зиянды қалдықтарды 43 пайызға азайтуды көздейді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу