Бельгияда фермерлер ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда фермерлер ереуілге шықты

04.03.2023

Бельгияда фермерлер ереуілдетіп жатыр. Билікке базынасын жеткізу үшін шаруалар елдің Фландрия аймағынан Брюссельге жиналды. 3 мыңға жуық адам тракторларымен ірі трассаларды жауып, көлік қозғалысын қиындатты. «Ферма жоқ болса, тамақ жоқ»,-деп ұрандатқандар.

Биліктегілердің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа жоспарына қарсы. Үкіметтің жаңа ережесіне сәйкес, 2025 жылдан бастап шаруалар егінге азотты тыңайтқыш пайдалануды тоқтатып, тезегінен ауаға аммиак шығатын сиыр мен шошқа санын қысқартуы тиіс.

Хендрик Вандамме, фермерлердің кәсіподақ ұйымының жетекшісі:

Ауаға азот ауылшаруашылығынан гөрі индустрия, көліктен көбірек шығады. Оларға тиіспейді. Бізді қысып жатыр. Екі жылдан бері бізді әбігерге салды. Малды қырсақ,күнімізді қалай көреміз?

Пол Кармэти, фермер:

Біз азоттың ауаға таралуын азайту үшін инновациялық техника енгізіп, оған қыруар қаржы жұмсауға дайынбыз. Бірақ, ата-бабамнан мұраға қалған шаруа қожалығын жаба алмаймын. Соңына дейін күресемін.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу