Атырауда 11 жасар баланы көлігімен қағып кеткен зейнеткер екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға Құлсары қаласында болған. 5 сынып оқушысы мектепке барар жолда көшені кесіп өтеді. Оны сол сәтте 73 жастағы Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі қағып кеткен. Бала оқиға орнында жан тапсырды.
Жандос Темірғали