Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

06.03.2023

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Барлығы 40 адам қамауға алынды. Олардың арасында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, күзет ұйымдарының өкілдері де бар. Тексеру барысында өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде «АрселлорМитталТеміртауда» тауарды ұрлау фактілері ашылды. Топ мүшелерінің аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. Жедел операция кезінде 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілген. Күдіктілерден 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы құралдар тәркіленді. 

Руслан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу