Сенаттың Парламенттегі қызметі басталғаннан бері 21 заң мақұлданып, қабылданды. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Мәулен Әшімбаев жоғары палатаның жұмысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта Сенатта Президенттің тапсырмасымен әзірленген маңызды заң жобалары қаралып жатыр. Атап айтқанда, Әлеуметтік кодекс, адам құқықтары және азаптаулардың алдын алу, мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты құжаттар. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кешенді дамыту жөніндегі реформаларды одан әрі қолдауға бағытталған заңнамалық қызметті жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Былтыр мекеме 5 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 20 аудиторлық тексеріс жүргізген. Ал биыл жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр. Кездесу соңында Президент мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы