Түркістан облысында үш жасар бүлдіршін байқаусызда арыққа құлап, тұншығып қалған.
Келеңсіз жағдай Мақтаарал ауданының Абай ауылында орын алған. Ернұр есімді бүлдіршін байқаусызда үйден шығып, суға батып кеткен. Оны атпен шауып бара жатқан жасөспірім байқап қалып, шалшық судан алып шыққан. Сегізінші сынып оқушысы Нұрполат Нұргелді үлкендерді көмекке шақырған. Абырой болғанда үш жастағы бүлдіршін аман қалды. Ауыл тұрғындары есінен танып қалған баланың аяқ-қолын қимылдатып, жасанды дем беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Сөйтіп тірілтіп алды. Артынша жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Аудан орталығынан келген дәрігерлер баланың денсаулығын тексеріп, оның жағдайы қалыпты екенін анықтаған. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытынды жасаған.
Айнұр Ақбаева