Бүгін Пәкістанның Балоджистан провинциясында жойқын жарылыс болып, қауіпсіздік күштерінің 9 офицері қаза тапты. Тағы 13-і жараланған. Олар аймақ астанасы Кветтаға сақшылар фестивалінен қайтып келе жатқанда шабуылға тап болған.
Қастандықты ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Бір анығы – Ауғанстанмен, Иранмен шекаралас бұл провинция Пәкістаннан бөліну үшін ондаған жылдар бойы күрес жүргізіп келеді.
Арыстан Рысбек