Сенаттың Парламенттегі қызметі басталғалы 21 заң жобасы мақұлданды. Президент қабылдауында болған Мәулен Әшімбаев палатаның жұмысы туралы баяндады. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген маңызды заң жобалары қаралып жатыр.
Әлеуметтік кодекс, адам құқықтары, азаптаулардың алдын алу мен мемлекеттік қызметке қатысты құжаттар. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді кешенді дамыту жөніндегі реформаларды одан әрі қолдауға бағытталған заңнамалық қызметті жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Шерхан Жамбылұлы