Қазақстанда биатлон сайысынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде біздің елдің намысын 20 спортшы қорғайды. Шучинск қаласына әлемнің 38 елінен 500-ден астам атлет жиналған. Жарысқа Мәдениет және спорт министрі мен халықаралық биатлоншылар қауымдастығының президенті де келді. Жарыс 12 наурызға дейін жалғасады.
Анжелика Сатбаева, волонтер:
Мен өз еліммен мақтан тұтамын. ӘЧ Қазақстанда өтуіне өте қуаныштымын, өйткені бұл Қазақстанның алдыға шығуына мүмкіндік.
Серік Селеубай