Қазақстандық журналистерге жасалған шабуылдар бойынша 30-дан аса қылмыстық іс қозғалып, 22 адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. Еске салайық, бұған дейін бәз біреулер бірқатар журналистердің қызметіне кедергі жасап, мүлкіне зақым келтірген. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ламбриан Топузидис