Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары мұнда жаппай вакциналау жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Жыл басынан бері елдің соғыс жүріп жатқан солтүстік-батысына 1,5 миллиондай екпе жеткізілген. Өйткені дәл осы аймақта ауру тез таралып, өршіп келеді.
Соңғы мәліметке қарағанда, холераға 55 мыңнан астам адам шалдығып, 26 тұрғын қайтыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, Сирияда бұл індеттің кең тарауына ең алдымен лас су себепші.
Арыстан Рысбек