Бахмут үшін шайқас жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бахмут үшін шайқас жалғасып жатыр

09.03.2023

Ресей бүгін Украинаның Одесса, Харьков қалаларына зымыранмен соққы берді. Жарық жаппай өшкен. Бірақ, қаза тапқандар жоқ. Ал Украина армиясы Бахмут қаласы үшін шайқаста Ресей жауынгерлеріне тойтарыс беріп, оларды кері шегіндіргендерін хабарлады. Айта кетсек, бұған дейін Мәскеу күштері бұл елді мекеннің шығысына басып кіргенін мәлімдеген еді.

Ресей әскері Бахумтты жарты жылдан бері шабуылдап жатыр. Сондағы мақсаты – оны жаулап, әрі қарай Донецк обысының қалған бөлігін де бағындыру.

Батыстық сарапшылардың пікірінше, Бахмуттың стратегиялық құндылығы шамалы. Бірақ, оны алу Кремльге көптен беру алғаш рет жеңіс жариялауға мүмкіндік бермек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу