Францияда шеруге қатысушылар миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда шеруге қатысушылар миллионнан асты

09.03.2023

Бұл Францияда өткен ауқымды шерулерден көрініс. Осы наразылық акциясына байланысты елде жанармай жеткізу тоқтап, электр өндірісі қысқарып, пойыздардың қызметі тежелген.

Соңғы күндері Париж бен өзге қалалардың көшелеріне 1,28 миллион адам шығып, президент Эммануэль Макронның пенсия реформасына наразылық білдірді.

Француз үкіметі сәуірге дейін азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке көтеруді жоспарлап отыр. Ал, бұған миллиондаған адам жыл басынан бері осымен алтыншы рет қарсылықтарын білдіріп шеруге шықты. Биліктегілер болса, зейнетақы қорын күйреуден қорғау үшін реформа өте қажет деп есептейді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу