Алдағы саяси науқанды ашық әрі әділ өткізу үшін аймақтарда сайлау комиссиясының мүшелері үшін арнайы сабақ ұйымдастырылған. Қарағандыда өткен көшпелі семинар-кеңесте кәсіби мамандар сайлауды қалай дұрыс ұйымдастыру және заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Шараға Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбилә Мұстафина қатысты. Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі құрылған. Комиссия мүшелерінің саны 5500-ден асады. Сондықтан семинар-кеңеске тек төрағалары қатысты.
Қайрат Нұркенов, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Қазақстан бойынша әр өңірде осындай семинарлар өткізіп жатыр. Оның басты мақсаты – заңға жаңа нормалар енген, соларды сайлау комиссиясының мүшелеріне таныстыру. Можаритарлық система кірді, бір мандаттық округтарда кандидаттар өз-өзін ұсынуға болады. Бұрын ондай норма болған жоқ, партиялық тізіммен ғана болатын.