Ақтөбе облысының бірнеше ауданында жолды су шаю қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының бірнеше ауданында жолды су шаю қаупі бар

09.03.2023

Ақтөбе облысының бірнеше ауданында жолды су шаю қаупі бар. ҚазАқтөбе облысының бірнеше ауданында жолды су шаю қаупі бар. Қазір аймақта су тасқынын болдырмау үшін жедел шаралар қабылданып жатыр.

Бұған дейін қарғын судың зардабын Байғанин ауданының тұрғындары тартты. Қарауылкелді аулынан Оймауыт елді мекеніне баратын жолдағы көпірді тасқын шайып кеткен еді.Салдарынан бірнеше елдімеккен қатынассыз қалды. Кеше судың беті қайтып, сол аумақта жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларының көмегімен көпір қалпына келтірілді. Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметі босаңсуға болмайтынын ескертті. Облыстық маңыздағы «Шұбарқұдық-Ойыл» автожолының 16 шақырымдық бөлігіне қауіп төнген. Өйткені, осы аумақтағы Кенжалы өзенінің деңгейі күрт көтерілген. Бұл жерде мамандар жедел әрекет етіп,әзірге қауіптің бетін қайтарды.

Қуан Тұрмағамбетов, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

Жиналған судың көлемі жол бойында үлкен екен. Бірақ ешқандай жолға қауіп жоқ.Елдімекендерге де қауіп жоқ. Әрі қарай біз қайтып келе жатып Сазды,Тамды өзендерінің алқаптарын да қарап шықтық. Онда да қазір қар әлі тұр. Еріген жоқ. Бірақ еру жағдайы уже жайлап жүріп жатыр.

Ал, облыс орталығында қар шығару жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр. Оған 243 арнайы техника жұмылдырылған. Тек соңғы екі тәулікте қала көшелерінен 17 мың текше метрге жуық еріген қар суы сорылып, 2 шақырым арық тазартылды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу