Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында малдан бруцеллез анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында малдан бруцеллез анықталды

09.03.2023

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында малдан бруцеллез анықталды. Мамандар өңірдегі бір шаруашлықтың 36 сиырынан індеттің таяқшасын тапты. Тағы 17-інің зертханалық сараптама қортындысы күмән туғызып тұр. Ауру белгілері бар 20 сиыр сойылып, етінен сынама алынып терең зерттеуге жіберілді. Қалған мал оқшауланды. Ал сараптамадан күмән тудырған түлік қайта тексеріледі. Карантин жариялау мәселесі осы тексерулердің қортындысынан кейін белгілі болады. Мамандар жалпы облыс бойынша ірі қараның бруцеллезге шалдығуы жыл өткен сайын азайып келе жатыр дейді.

Бауыржан Бекет, Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Енді тереңірек тексеріп жатырмыз. Егер теріс нәтиже болса, онда ол шаруашылыққа еш шара қолданылмайды, жоспарлы жұмыстар ғана болады. Күзде.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу