Атыраудағы Миялы ауылында тасқынның қаупі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы Миялы ауылында тасқынның қаупі сейілді

10.03.2023

Қарғын судың құрсауында қалған Атыраудағы Миялы ауылында қауіптің беті сейілді. 13 мың текше метрден астам су елдімекен сыртына шығарылды. Авариялық құтқару жұмысы бүгін де жалғасады. Зардап шеккендер мен құлаған үйлер жоқ. Ауылда 26 қауіпті аумақ бар. Мамандар бүгінге дейін 250 тонна құм төсеп үлгерді. Сағыз ауылын көктей өтетін Ноғайты өзенінің арнасы да биіктетілді. Жедел топ қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу