Канададағы әйгілі тау-кен өнеркәсібі көрмесінде алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Халықаралық шараға еліміздегі ірі тау-кен металлургиялық компаниялар да барған. Жыл сайын өтетін іс-шараға тұрақты түрде 130-дан астам елден 25 мыңға жуық адам қатысады. Сондықтан ұлттық павильонның ашылуы - металлургия саласына қаржы тартуды мықтап қолға алған еліміз үшін маңызды қадам. Көрмеде инвесторларға қазақстандық жеке компаниялардағы және мемлекет қорындағы кен орындары таныстырылды.
Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Қазақстанда кен орындарының ревизиясы өтті. Кейбір инвесторлардан игерілмеген кен орындарын өкіметке қайтардық. Солардың алпыстан астамы қазір бос. Соларға аукцион өткізіліп келе жатыр. Сол аукционды жариялауымыздың негізгі мақсаты - оларды инвесторларға ұсыну.
Жалғас Сәдібекұлы