Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Чапаев кентінде 2 мыңнан аса абонент сусыз қалып, жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Бұған ауылдағы сумен қамту жүйесіндегі үш су сорғыштың біреуі әбден тозып, істен шығуы себеп болды. Қалған екі құрылғының шамасы ауылды сумен толық қамтуға жетпейді. Қазір кенттегі тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға ауыз су кестемен беріліп жатыр.
Ардақ Мұратқызы