АҚШ-тың Калифорния штатында нөсер жаңбыр мен еріген қар суы алапат су тасқынына ұласты. Қазірдің өзінде ондаған үй топан су астында қалып, екі адам қаза тапқан. Штаттың 58 округінің 34-інде төтенше жағдай жарияланып, бірнеше мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Әсіресе, Кернавилл және Изабелла қалаларын су басу қаупі бар. Себебі, мамандардың айтуынша, Тынық мұхитынан жаңадан көтерілген дауылдың қарқыны күшті. Бұған ені 500, ұзындығы екі мың шықырымға созылып жатқан жылы ауа ағыны әсер етсе керек. Ұлттық ауа райы қызметі штаттың ең үлкен қаласы Лос-Анджелесті қоса алғанда оңтүстікке қарай 26 миллионға жуық адам тұратын аймақта су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.
Жалғас Сәдібекұлы