АҚШ-та ірі банк жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ірі банк жабылды

11.03.2023

АҚШ-та «Силикон Валлей Банкі» жабылып, оның депозитіндегі 175 миллиард доллар мемлекет бақылауына алынды. Бұл - Құрама Штаттар тарихында 2008 жылдан бері орын алған ең ірі банктік күйреу.

«Си-ви-би» көлемі жағынан Америка қаржы ұйымдары арасында 16-орында тұр. Оның дағдарысқа ұшырауына 2,25 миллиард доллар несие тарту ниеті себепші. Осы жоспар белгілі болғаннан кейін бұл ұйымға сенім сетінеп, инвесторлар мен клиенттер ақшаларын қайтарып алуға кіріскен. Және де осы жанталас салдарынан «Си-ви-би» банкінің акциялары бір күнде 60 пайызға құнсызданып кетті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу