«Алматы жылу желілерінің» бас директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты. Олар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Бас директор Бейсенбиновке, бас инженер Қазымбетов пен басқарма басшысы Жыңғылбаевқа және пара бергені үшін 2 млрд теңгеден аса айыппұл салынды. Мұндай жазадан «СпецКоммунСтрой» компаниясының директоры да құтылмады. Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл уақытында төленбесе бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қуан Нұрақын