Президент сайлаудан кейін жаңа бастамаларын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлаудан кейін жаңа бастамаларын жариялайды

13.03.2023

Халықтың тұрмыс сапасын арттыру Үкімет пен облыс әкімдерінің ең басты міндеті. Бұл туралы Президент әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткен кеңесте айтты. Мемлекет басшысы қазақстандықтар елде оң өзгеріс болып жатқанын сезінуі қажетті екенін атап өтті. Бұдан бөлек, қазіргі геосаяси ахуал ушығып тұрған да тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол берілмейтінін қадап айтты. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазірден бастап, құзырлы органдар арандатуға қарсы күрес жүргізу керегін тапсырды. Сондай-ақ, Президент мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатқанын жеткізді. Оны сайлаудан кейін жария ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болады. Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу