Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады. Аймақ басшысының айтуынша, былтыр өңірде жалпы құны 2 трлн 194 миллиард теңге болатын өнеркәсіп өнімі өндірілді. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі – 545 миллиард теңге.
Былтыр облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,5 пайызға артты.
«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірде биыл 11 мектеп пайдалануға берілмек.
Шерхан Жамбылұлы