Ақтөбеде қазақтың байырғы дәстүрінің бірі - қымызмұрындық тойланды. Бір топ зиялы қауым өкілдері бірлесіп ұйымдастырған игі шарада ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылып, ақшаңқан киіз үйлерде ән мен күй қалықтады.
Негізгі мақсат - ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды жаңғырту және ұлттық тағамдарымызды ұлықтау.
«Көпшілікке арналған түрлі мәдени шаралар мен мерекелерде ұлттық сусынымызды дәріптеу дәстүрге айналуы тиіс», - дейді жиналғандар.
Жақсыбек КЕМАЛ