Солтүстік Корея бүгін аз қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Снаряд елдің үстінен өтіп, шығыс жағалаудағы теңіз суына құлаған. Пхеньянның зымыран сынауына Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың ауқымды әскери жаттығу өткізуі түрткі болды. Солтүстік Корея бұл маневрларды «басып кіруге дайындық» деп қауіптенеді. Өткен аптада мемлекет лидері Ким Чен Ын, ел әскеріне қарсыластардың әрекетіне қарсы тұруға сақадай-сай болуға бұйрық берген.
Арай Төлегенқызы