Павлодарда құс фабрикасы жабылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда құс фабрикасы жабылуы мүмкін

14.03.2023

Павлодарда тағы бір құс фабрикасы жабылуы мүмкін. Жылына 8 мың тонна күркетауық етін шығаратын кәсіпорынды жеке кәсіпкер өз қаржысына салған. Жем-азық пен шетелден инкубаторға әкелінетін жұмыртқа бағасы күрт қымбаттағандықтан өндіріс көлемі төмендеп кеткен. Мемлекет тарапынан көмек болмаса, бірер айда жағдайымыз қиындайды дейді.

Ербол Досыбаев, кәсіпорын директоры:

Біз субсидия сұраймыз. Ол қосымша инкубатор және жабдықтар алу үшін қажет. Өйткені, фабриканы толық қуатында іске қоспасақ жұмыс жүрмейді. Ет өндіруді екі есе ұлғайту, яғни, жылына 20 мың тоннаға жеткізгенде ғана кәсіпорынды сақтап қала аламын.

Күркетауық еті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінде жоқ. Дегенмен, өнім бағасын ұстап тұру үшін жыл сайын субсидия беріледі. Ал, кәсіпорынды дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту бойынша қайтарымсыз жәрдемақы беру заңда қарастырылмаған дейді ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу