Қытай ертеңнен бастап туристер үшін шекарасын қайта ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай ертеңнен бастап туристер үшін шекарасын қайта ашады

14.03.2023

Қытай ертеңнен бастап туристер үшін шекарасын қайта ашып, визалардың барлық түрін беруге кіріседі. Айта кетсек, бұл мемлекет өткен айда коронавируспен күресте «шешуші жеңіске» жеткенін жариялады. Бейжіңнің ендігі мақсаты – үш жыл бойы карантиндік шектеулерден зардап шеккен 17 триллион долларлық экономиканы гүлдену жолына қайтару.

Қытай пандемияға байланысты әлем үшін өз қақпасын 2020 жылы жапқаны белгілі. Ал сол жылы наурыздың 28-не дейін рәсімделген визалар өз күшін әлі жойған жоқ. Демек, олармен шетелдік саяхатшылар Қытайға ертеңнен бастап еркін кіре алады. Ал оңтүстіктегі Хайнань аралы мен Шанхай порты арқылы өтетін круиздік кемелер виза талап етпейтін болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу