Ақтөбе облысының Қобда ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Аудан орталығында суға кеткен үй саны соңғы деректер бойынша 51-ге жетті. Ауыл тұрындары мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қарғын сумен екінші тәулік күресіп жатыр. Ауылдағы бірнеше әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары да су ортасында қалды. 91 адам эвакуацияланды. Қазір инертті материалдар жеткізіліп, құм толы қапшықтармен үйлердің іргелері бекітіліп жатыр. Кеше кешкілік бір тәулікке жуық көлік қозғалысы шектелген Самара-Шымкент тас жолы қайта ашылды.
Жақсыбек Кемал