Қазақстанда сегіз есірткі зертханасын ашпақ болған шетелдіктер ұсталды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, арнайы операция Алматы облысында жүргізілген. Полицейлер әуелі заңсыз тауар өндірісін жүргізген шетел азаматын тұтқындаған. Артынан бұл қылмыстық топты қаржыландырған, шикізатты шетелден жеткізіп отырған екі адам қолға түскен. Тінту барысында синтетикалық тауар әзірлеуге арналған жабдықтар тәркіленді. Осылайша, елімізде екі тонналық есірткі өндірісіне жол берілмеді дейді Ішкі істер министрлігі. Тергеу жалғасып жатыр.
Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің басшысы:
Сондай-ақ, синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдықтар, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленді. Үш жеке үй мен үш автокөлікке тиым салынды.
Айя Мүтәлі