АҚШ-тағы META компаниясы тағы 10 мың адамды қысқартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы META компаниясы тағы 10 мың адамды қысқартпақ

15.03.2023

Meta тағы 10 мың қызметкерін қысқартпақ. Бұл Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджері кіретін корпорациядағы соңғы жарты жылдағы екінші қысқарту. Былтыр қараша айында 11 мың адамды жұмыстан шығарылған. Марк Цукерберг бұл қиындықтарды несие бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық және нарықты қатаң реттеумен байланыстырады. Meta компаниясының кірісі 2022 жылы 4% аз болған. Жоғары технология саласында жұмысшылар қысқартып жатқан тек Меtа ғана емес, бұған дейін Google 12 мың, Amazon 18 мың адамды жұмыстан шығаратынын мәлімдеген.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу