Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында кәсіпкерлер саны артып келеді. Биылдың өзінде тек «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 200-ге жуық жоба жүзеге асырылмақ. Ал, соңғы екі жылда аудандағы шағын бизнес нысандарының саны 784-тен 983-ке дейін көбейген. Ырғыз ауылында тұратын Ерсұлтан Еркінұлы шағын наубайхана ашты. Қазір ол жерлестерін нанмен қамтамасыз етіп отыр. Ол «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алған.
Ерсұлтан Еркінұлы, кәсіпкер:
Күніне 60-70 нан пісіреміз. Жақында үкіметтен наубайханамды кеңейту үшін көмек сұрағым келіп тұр. Нан-тоқаш бұйымдарын шағару деген мақсатым бар.
Ал, Асылгүл Бердалиеваның негізгі мамандығы тіс дәрігері. Алайда, ол тігіншілікпен айналысуды құп көрген. Мүгедектігі бар болғанына қарамастан, іс бастап, табыс табуды көздедім дейді. Қазір жерлестерінің тапсырысы бойынша перде мен көрпе-көпшіктер тігеді.
Асылгүл Бердалиева, кәсіпкер:
Денсаулығыма байланысты мамандық бойынша жұмыс жасай алмағандықтан осындай мемлекеттің қолдауымен 2022 жылы 1 млн 225 мың теңге грант алып, жобаға қатысып, кәсіп бастап жатырмын. Еш өкінбеймін. Пайдасы бар.
Жақсыбек Кемал