Чилиде құс тұмауы өршіп тұр. Осыған байланысты елде 40 мыңдай тауық пен қаз-үйректің көзі жойылды. Індет апта басында анықталған. Бұдан кейін тауық етін экспорттауға бір айға тыйым салынды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, вирустың адамнан адамға жұғу оқиғалары тіркелген жоқ. Жағдай жіті бақылауға алынған.
Ксимена Агилера, Чилидің денсаулық сақтау министрі:
Құс тұмауы сүтқоректілерден табылды. Одан әсіресе солтүстіктегі теңіз арыстандары зардап шеккен. Вирус жабайы құстардан да анықталып отыр. Адамдар арасында тарап жатқан жоқ. Мұны болдырмау үшін тиісті шаралардың бәрін қабылдап жатырмыз.
Арай Төлегенқызы